Сараң
2021 жылдың 28, 29 желтоқсан күндері сағат 19:00-де , Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Сараң» қойылымының премьерасы өтеді.
Италия! XVII ғасыр! Жан Батист Мольер! Ұлы комедиографтың сол заманның ең осал тұстарын астарлы әзілмен бейнелеген "Сараң" туындысы арада төрт ғасыр өтсе де әлі күнге дейін өзекті. Неліктен? Маскалы кейіпкерлердің өз шындықтары қандай? Гарпагонның шектен шыққан сараңдық әрекеттері түбінде қандай жағдайға душар етпек? Келіңіз, бірге куә болайық! Айтпақшы, қойылым 16 жастан асқан көрермендерге арналған. Рerché è Molière! Perché questa è l'Italia!
Режиссер– Уланмырза Карыпбаев
Қоюшы суретші– Алан Саймин
Киім суретшісі– Айнұр Есболатова
Редактор– Рухия Бақытбек
Режиссер ассистенті– Гауһар Зияудин
Хормейстер– Дилара Қарекенова
Хореограф– Абылхаир Кушкенов, Александр Виноградов
Композитор– Иса Ауғантай
Өлеңдер авторы– Мұратбек Ильяс