Театр тарихы

«Nomad City Hall» МКҚК Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Театр директоры әрі көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Тұрсынбек Қабатов. 2018 жылдың 10 желтоқсан күні М.Фрейннің «Театр 180⁰» комедиясымен театр шымылдығы алғаш рет түріліп, көрермендерімен қауышты. Спектакльдің режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев. Аталмыш қойылыммен театр ұжымы 2019 жылы Семей қаласында өткен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған XXVII Республикалық театр фестиваліне қатысып, «ҮЗДІК ДЕБЮТ» номинациясымен және театр актрисасы Гүлмира Жакилина Дотти рөлі үшін «ЕҢ ҮЗДІК ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ» номинациясының иегері атанды.

Театр репертуарында бүгінде 10-нан аса спектакль бар:

1. М.Фрейн «Театр 180º» комедиясы (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

2. М.Камолетти «Мерекелік меню» комедиясы (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

3. Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» музыкалық комедия (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

4. У.Шекспир «Ричард ІІІ» реквием (Режиссері: Фархад Молдағали). 2019 жылы театр ұжымы алғаш рет жыл сайын өткізілетін ҮІІ «Самғау» халықаралық театр фестиваліне «Ричард ІІІ» реквиемімен қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

5. Д.Исабеков «Әштен» комедиясы (Режиссері – Нұржігіт Муслимов)

6. М.Мақатаев «Қош, махаббат» мелодрама (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

7. Р.Киплинг «Маугли» ертегісі (Режиссері – Әли Бидахметов)

8. Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» лиро-эпосы (Режиссері – Дина Құнанбай)

9. М.Әуезов «Жас Абай» драмасы (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Нұрлан Жұманиязов)

10. Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» драмасы (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

11. Театр ұжымы 27-28 ақпан күндері жаңа қойылымның премьерасын ұсынады: Белгілі жазушы, көрнекті қаламгер О.Бөкейдің әңгімелерінің желісі бойынша «Ауыл хикаялары» драмасы (Режиссерлері: Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев, Әли Бидахмет, Нұржігіт Муслимов).

 

Театрымыздың ашылғанына 2 жылдан асты. Осы қысқа уақыттың ішінде жеткен жетістіктеріміз де аз емес:

  • Театр актері Б.Әли 2019 жылдың 26-29 қаңтар күндері Мәскеуде өткен ІХ халықаралық А.П.Чехов атындағы көркемсөз оқулары байқауында ІІІ дәрежелі лауреат атанды.

  • 2019 жылы театр Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Театр күні-2019» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.

  • Театр күні марапатқа ие болған театр артистері мен қызметкерлері: Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Б.Сұлтановтың алғыс xатымен: труппа жетекшісі Биримкулов Ернияз Рыскулович, театр актері Бидахметов Әли Дәулетбекұлы және Валиева Альбина Ерікқызы. 2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нұркеновтің алғыс xатымен: Жолболдин Асет Мамраевич, Муслимов Нуржигит Акылбекович, Алпысбаева Ләззат Қайратқызы, Жанзакова Аида Каржаубаевна, Асқарбеков, Бейбарс Бақбергенұлы.

  • 3. Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатымен: Имангазинов Баглан Садыкович, Жакилина Гульмира Тлебалдиевна, Қалдар Әли Жарасұлы, Айымғазы Еңілік Ерболқызы, Ағымбай Айша Еркебұланқызы.

  • Өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай «Nomad City Hall» МКҚК, Номад театрының кадр маманы Бақыт Каировна, театр музыканты Нұрсұлтан Нұриддинұлы, жарықпен әрлеуші Дамир Шәріпұлы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың АЛҒЫС ХАТымен марапатталды!

  • Театрымыз «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» оңалту шарасына қатысып, қайырылымдылық концертін өткізіп, директор Е.Қ.Аманбайдың атынан алғыс хатпен марапатталды.

  • Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өнер мекемелері арасында өткен "Ой-зерек" интеллектуалды сайысында театрымыз І орынды иеленді.

  • Театрымыздың актері Әли Бидахмет «САХНАГЕР» ұлттық театр сыйлығының «ҮМІТ» номинация иегері атанды.

  • Театрымыздың артистері Г.Жакилина, А.Ағымбай, Б.Асқарбеков кино саласында да бақтарын сынауда. Театр артистері елорда телеарналарымен тығыз байланыста. Тікелей эфирлер, радио, теле бағдарламалардың тұрақты қонақтары. Театрымыздың «Қыз Жібек», «Ричард ІІІ», «Театр 180» спектакльдерін жақында ғана ашылған «Аbai.TV» арнасынан тамашалай аласыздар.

  • 2020 жылдың 19 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елорда әкімі Алтай Сейдірұлының қатысуымен театрымызға қазақтың бетке ұстар, біртуар режиссері, Халық Қаһарманы Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлының есімі беріліп, театр атауы Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрына өзгертілді.

 

FaLang translation system by Faboba