4 наурыз 2020
Чарлейдің әпкесі
7 наурыз 2020
Қош, махаббат
12 наурыз 2020
Әштен

"Nomad City Hall"

2018 жылдың 7 шілдесінде «Экспо» көрмесінің аймағындағы «Энергия холл» залында Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұловтың, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Қабатов пен Сайлау Қамиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып, Астанадағы алғашқы комедия театрының ашылғанын жариялады.

«Nomad City Hall» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Құрамына Астана комедия театры, Назар аудар театры, Әзіл әлемі театры кіретін «Nomad City Hall» МКҚК-нің директоры әрі көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.

«Nomad City Hall» концерт залында спектакльдерден бөлек Роза Рымбаева, Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Өмірқұл Айниязов, «Жігіттер» тобы, Алтынай Жорабаева, Төреғали Төрәлі, Айқын сынды эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Қазақстан ұлттық арнасының «Қайырлы кеш, Қазақстан» жобасы, «Әзіл әлемінің» жаңа бағдарламалары, талай талантты жастардың басын қосқан КТА ойындары және басқа да түрлі салалар бойынша концерттер мен іс-шаралар өтеді.

Онлайн-билет