Бақытбек Рухия

Бақытбек Рухия – театрдың әдебиет және ақпарат бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылы 7 қараша күні ҚХР, Алтай ауданында дүниеге келген. 2017 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Нұр-сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне «Театртану» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2017 – 2020 жылдар аралығында ҚазҰӨУ «Шабыт» журналының бас редакторы қызметін атқарған. 2018 жылдан қазірге дейін Нұр-сұлтан қаласы Индонезия мемлекетінің елшілігінде биші, волонтер ретінде жұмыс жасап келеді. 2019 жылы «EURASIA» International film festival (Staff, Organizer), және Халықаралық театр фестивалінде ұйымдастырушы қызметтерін атқарған. 2020 жылы «QazArt» ЖШС серіктестігінде менеджер, редактор ретінде жұмыс жасаған.

Жетістіктері:
- 2017 – «Алаш қозғалысы және уақыт» жас қаламгерлер конкурсы бас жүлде;
- 2018 – Халықаралық «EURASIA» фильм фестивалі бас продюссері, университет ректоры А.Мұсаходжаева атынан арнайы алғыс хат;
- 2018 - Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІІ дәрежелі диплом иегері;
- 2019 – Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткізілген ғылыми-зерттеу жұмысы ІІІ дәрежелі диплом иегері;
- 2019 – Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА өткізілген ХI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІIІ дәрежелі диплом иегері;
- 2019 – Индонезия мемлекетінің Нұр-сұлтан қаласындағы уәкілетті елшісі Rahmat Pramona мырзаның атынан алғыс хат;
- 2020 – «ISBI» бағдарламасы бойынша Индонезия мемлекеті университетінің стипендиаты;

FaLang translation system by Faboba