Валиева Альбина


            
Валиева Альбина

Валиева Альбина Ерікқызы – театр актрисасы, режиссердің көмекшісі. 1992 жылы 17 желтоқсан күні Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз селосында дүниеге келген. 2011 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Ақтау кентінде орта мектепті тамамдады. Сол жылы Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы өнер коллежінің «қазақ драма театр аритисі» факультетінде білім алып, қызыл дипломмен аяқтаған. 2014 жылы Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында «театр және кино артисі» мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыкалық театр әртісі» мамандығына ауысып, қызыл дипломмен тамамдады.

Театрдағы рөлдері: М.Фрейннің «Театр 180◦» комедиясында – миссис Клакетт-Дотти, М.Камолеттидің «Мерекелік меню» комедиясында – Сюзетта, Б.Томастың «Чарлидің әпкесі» музыкалық комедиясында – Китти. У.Шекспирдің «Ричард» реквиемінде – Лондонның лорд-мэрі, Д.Исабековтің «Әштен» комедиясында – шетелдік қыз. М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» мелодрамасында – Зағыш, Р.Киплингтің «Маугли» ертегісінде – жарамсақ табаки.

Жетістіктері:

  • 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Б.Сұлтановтың алғыс xатына ие болды;

FaLang translation system by Faboba