Richard III

Richard III

У.Шекспир «Ричард ІІІ» (реквием)

«Nomad City Hall» МКҚК, Номад театрының ең алғашқы спектаклі  атақты У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясы. Режиссері – Фархад Молдағали.  

Тұңғыш рет «Ричард ІІІ» туындысы реквием жанрында қойылады.  

Әлемге әйгілі «Ричард ІІІ» трагедиясы - Уильям Шекспирдің хроникаларының озық туындысы. Билік жолында туған бауырының да жанын алған, өзі билік еткен кезеңде ең қатыгез патша атанған қанышер Ричардтың өмірі әркімге қызық әрі жұмбақ. Алайда, Ричардтың өмірді жек көруіне, осыншалық жауыз болуына себеп болған не нәрсе?   

 «Ричард ІІІ» реквиемінде сіз Ричардты басқа қырынан тани аласыз. Оның бауырларына, айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Ричардтың жан дүниесіне тереңірек үңілсеңіз, ол жайлы бұрыңғы қалыптасқан ойыңыз өзгеруі әбден мүмкін.  

FaLang translation system by Faboba