«Сені сағындым...»
2021 жылдың 2 қазан күні сағат 19:00-де , 3 қазан күні сағат 15:00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Сені сағындым...» қойылымының премьерасы өтті.
Қай заманда қандай қоғамда болмасын отбасылық құндылықтың мәні жоғары бағаланады. Екі түрлі мінезді, сан қырлы таным-түсінікті бір арнаға тоғыстыру ерлі-зайыптылар өмірі үшін анау айтқандай оңай іс емес... Орыс драматургы А.Володиннің отбасылық қайшылықтарға толы бұл пьесасы сот залына келген ажырасушы тараптардың арыз-шағымдарына арқау болған. Сот залындағы бес отбасының ажырасу себептері де әртүрлі. Сатқындық, суынған сезімдер, сыйластықтың құрдымға кетуі...
Авторы– Александр Володин
Режиссер– Аридаш Оспанбаева
Қоюшы суретшісі– Қанат Мақсұтов
Киім суретшісі– Аида Ұланбек
Балетмейстер– Александр Виноградов, Абылхаир Кушкенов
Музыкамен көркемдеген– Аян Томанов