Муслимов Нұржігіт


	

Муслимов Нуржігіт Ақылбекұлы – театр актері. 1994 жылы 20 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген. 2010-2014 жылдары Тараз қаласында Абай атындағы педагогикалық колледжінде «драма театр әртісі» мамандығы бойынша білім алған. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «музыкалық театр артисі» мамандығында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқыды. Р.Томның «8 әйел» дипломдық жұмысында режиссер болды.
Театрдағы рөлдері:
М.Фрейн«Театр 180» - Гарри
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі»– Спетлайг
У.Шекспир «Ричард ІІІ» – Ричард
Р.Киплингтің «Маугли» - Шерхан
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Бекежан
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - Автор
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Рафики
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Тибальт   
А.Володин «Сені сағындым...» - Белов          
Мольер «Сараң» - Лафлеш
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Мәңгүрт      
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Роджер
Жетістіктері:

    • 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нұркеновтің алғыс xатына ие болды.
    • Театр репертуарындағы Д.Исабековтің «Әштен» комедиясының режиссері.
    • 2021 жылы ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "THEATREALL-2021" халықаралық театр фестивалінде "ЖАҢА ЕСІМ" номинациясының иегері
    • Д.Исабековтің «Әштен» комедиясының қоюшы режиссері. О.Бөкей «Ауыл хикаялары» спектаклінің режиссері
FaLang translation system by Faboba