Жұмабаева Айнұр


	
Жұмабаева Айнұр Мейрамғалиқызы – театр актрисасы. 1998 жылы 25 наурызда Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Астана қаласындағы ҚазҰӨУ мектебін тәмамдаған. ҚазҰӨУ колледжінде «хорда дирижерлеу» мамандығында білім алған. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне Сайлау Қамиев шеберханасына «Музыкалық театр әртісі» мамандығына оқуға қабылданды. Театрдағы рөлдері: М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор Р.Киплинг «Маугли» – бөрі Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі – Мәнсия О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - Рахима М.Әуезов «Жас Абай» - келіншек У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Джульетта А.Володин «Сені сағындым...» - Ирина Мольер «Сараң» - Қызметші Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Айзада
FaLang translation system by Faboba