Жанзакова Аида


	

Жанзакова Аида Каржаубайқызы – театр актрисасы. 1996 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Карағанды каласында №16 орта мектебінде білім алды. Мектеп кезінде ОХА «Аяла» би ансамбліне катысты. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «Музыкалық театр әртісі» мамандығында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқыды.
Театрдағы рөлдері:
М.Фрейн «Театр 180» – Поппи
Б.Томас «Чарлидің әпкесі» – Энни
У.Шекспир «Ричард ІІІ» – жендет
Д.Исабеков «Әштен» – күзетші
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - Айша
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Қыз Жібек
М.Әуезов «Жас Абай» - келіншек
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Шензи
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Джульетта
А.Володин «Сені сағындым...» - Козлова      
Мольер «Сараң» - Марианна       
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Зәрипа
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Шивон

Жетістіктері:

  • 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нұркеновтің алғыс xатына ие болды.
FaLang translation system by Faboba