Жақсығали Ақниет


	

Жақсығали Ақниет Нұрлыбекұлы – театр актері. 1997 жылы 4 шілде күні Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келді. 2014 - 2017 жылдары Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің актерлік өнер факультетінде «Драма театр әртісі» мамандығы бойынша білім алды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне Сайлау Қамиев шеберханасына «Музыкалық театр әртісі» мамандандығына оқуға қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» – Чарлей
Д.Исабеков «Әштен» – музыкант
Р.Киплинг «Маугли» – бөрі
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі – ұры
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - бала
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Ромео
А.Володин «Сені сағындым...» - музыкант    
Мольер «Сараң» - Махаббат періштесі
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Әбілов

Жетістіктері:

    • Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты;
    • 2016 жылы Алматы қаласындағы К.Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған студенттер арасындағы халықаралық «All-artтеатр» фестивалінде «Этюд» номинациясы бойынша Гран-при иегері;
    • Көкшетау қаласындағы ІІ республикалық эксперименталды лаборотиялық театр фестивалінің дебютанты.
FaLang translation system by Faboba