Ертаева Ділназ
Ертаева Ділназ Қонақбайқызы – театр актрисасы. 2001 жылы 27 қаңтарда Ақтөбе облысы, Əйтеке би ауданында дүниеге келді. 2006-2018 жылдары Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектепте білім алды. 2015-2018 жыдар аралығында Қалалық оқушылар сарайында вокал жəне хор сабақтары бойынша оқыды. 2016-2018 жылы «MIS models» модельдер агенттігінде тәлім алды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев шеберханасына «Музыкалық театр әртісі» мамандандығына оқуға қабылданды.
Жетістіктері:
- 2015 жылы Халықаралық ЮНЕСКО байқауының қатысушысы;
- 2016 жылы 28 наурызда халықаралық «ТОНИКА» фестивалінің 3 орын иегері;
- 2018 жылы 27 қаңтарда Республикалық «ЖАС ТАЛАНТ» байқауының 1 орын иегері;
- 2018 жылы 4 наурызда халықаралық «ВЕСЕННИЕ НАПЕВЫ» фестивалінің 2 орын иегері.
- 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хат
Театрдағы рөлдері:
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - Жанна
А.Володин «Сені сағындым...» - Шумилова
Мольер «Сараң» - Махаббат періштесі
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Әсел