Валиева Альбина


	

Валиева Альбина Ерікқызы – театр актрисасы. 1992 жылы 17 желтоқсан күні Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз селосында дүниеге келген. 2011 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Ақтау кентінде орта мектепті тамамдады. Сол жылы Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы өнер коллежінің «қазақ драма театр аритисі» факультетінде білім алып, қызыл дипломмен аяқтаған. 2014 жылы Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында «театр және кино артисі» мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыкалық театр әртісі» мамандығына ауысып, қызыл дипломмен тамамдады.

Театрдағы рөлдері:

М.Камолетти «Мерекелік меню» комедиясында - Сюзетта Б.Томас «Чарлидің әпкесі» - Китти

У.Шекспир «Ричард ІІІ» - Лондонның лорд-мэрі

О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - әнші, мұғалім

Д.Исабеков «Әштен» комедиясында - Күләй, шетелдік қыз М.Мақатаев «Қош, махаббат» - Зағыш

Р.Киплин «Маугли» - жарамсақ табаки 

И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Нала

М.Әуезов «Жас Абай» - Айғыз

Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі – Шәмсия

А.Володин «Сені сағындым...» - Катя

Жетістіктері:

  • 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Б.Сұлтановтың алғыс xатына ие болды;

FaLang translation system by Faboba