Асқарбеков Бейбарыс


	

Асқарбеков Бейбарс Бақбергенұлы – театр актері. 1997 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. Талдықорғанда мектеп табалдырығын аттап, 2009 жылы Астана қаласына қоныс аударып, Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп гимназиясында оқуын тәмәмдаған. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «Музыкалық театр әртісі» мамандығында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқыды.
Театрдағы рөлдері:
Майк Фрейн «Театр 180» - Фредерик–Филипп
Марк Камолетти «Мерекелік меню» - Джордж
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» - Джек
У.Шекспир «Ричард ІІІ» - битмейкер (бит бокс)         
Д.Исабеков «Әштен» - ақсақал, Салахов, капитан  
Р.Киплинг «Маугли» - Балу
М.Әуезов «Жас Абай» - Абай   
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» - Демесін
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» -  Симба
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Тибальт   
А.Володин «Сені сағындым...» - Митя  
Мольер «Сараң» - Фрозина

Жетістіктері:

  • 2013 жылы «Жұлдызды сәт» жобасының финалисті;
  • 2017 жылы Қытай мемлекетінде өткен «Минута славы» байқауының финалисті.
  • 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нұркеновтің алғыс xатына ие болды.
FaLang translation system by Faboba