Амантай Ақжол


	

Амантай Ақжол Мейірханұлы – театр актері. 1998 жылдың 18 қыркүйек күні Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келді. 2004-2014 жылдары №15 орта мектебінде білім алды. 2008-2013 жылдары өнер мектебінде «вокал» үйірмесінде оқып, үздік аяқтады. 2014-2018 жылдары Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіне «музыкалық білім беру» мамандығында оқыды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев  шеберханасына «Музыкалық театр артисі» мамандығына оқуға қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
У.Шекспирд «Ричард ІІІ»– граф Риверс
Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы  «Қыз Жібек» - жігіттер
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Пумба
М.Әуезов «Жас Абай» - Жұмағұл
Оралхан Бөкей «Ауыл хикаялары» - музыкант (баяншы)
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
Д.Исабеков «Әштен» - музыкант
А.Володин «Сені сағындым...» - музыкант    
Мольер «Сараң» - Қызметші       
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Еділбай

FaLang translation system by Faboba