Аманжол Қазыбек


	

Аманжол Қазыбек – театр актері. 1997 жылы 8 қаңтарда Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Аққайың ауылында дүниеге келді. 
2014-2017 жылдары Ақтөбе қаласында АГУ Тарлан көпсалалы колледжінде «драма театр әртісі» мамандығында білім алды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев  шеберханасына «музыкалық театр әртісі» мамандығына оқуға қабылданды.   
Театрдағы рөлдері:
У.Шекспир «Ричард ІІІ» - герцог кларенстің ұлы
Р.Каплин «Маугли» - Маугли
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» - Мүтән
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
Оралхан Бөкей «Ауыл хикаялары» Нұртөре
М.Әуезов «Жас Абай» - Смағұл
Д.Исабеков «Әштен» - нұсқаушы, Машанов, облыс басшысы, курсант
А.Володин «Сені сағындым...» - Фотограф
Мольер «Сараң» - Төбет     
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Күйеу бала

Жетістіктері:

  • 2016 жылы Алматы қаласындағы К.Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған студенттер арасындағы халықаралық «All-art театр» фестивалінде «Этюд» номинациясы бойынша Гран-при иегері;
  • Көкшетау қаласындағы ІІ республикалық эксперименталды лаборотиялық театр фестивалінің дебютанты.
  • Театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайрткері – Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов атынан алғыс хат
FaLang translation system by Faboba