Асқарұлы Алмас


	

Асқарұлы Алмас -  театр актеры. 2001 жылдың 20 наурызында Тараз қаласында дүниеге келді. Ең бірінші өнерге деген қадамы 2008 жылы Қарақат Мектеп Студиясында барлық өнер саласында білім алды. Домбыра, би, дәстүрлі ән, вокал салаларын студияда жақсы игерді. 2011 жылы Қарақат мектеп студиясында бірінші түлек атымен оқып бітірді. 2012 жылы Астана қаласы бойынша Дәстүрлі әннен лауереат атанды.  2012 жылы №1 балалар музыка мектебіне дәстүрлі ән өнер саласына түсіп 2016 жылы тәмамдады. 2017 жылы №4 гимназия мектебінде “Ақан сері - Ақтоты” қойылымында Ақан сері, “Қыз Жібек” қойылымында Бекежан рөлдерін сомдады. 2018 жылы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің “Музыкалық театр әртісі” мамандығына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев шеберханасына оқуға түсті.
Театрдағы рөлдері:
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - музыкант
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Симба
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Ромео
А.Володин «Сені сағындым...» - жігіт, музыкант    
Мольер «Сараң» - Төбет     
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Таңсықбаев 

Жетістіктері:  Театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайрткері – Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов атынан алғыс хат
FaLang translation system by Faboba