Айымғазы Еңілік


	

Айымғазы Еңілік Ерболқызы – театр актрисасы. 1996 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Астана қаласының №48 Дарын мектеп-лицейін бітірді. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «Музыкалық театр әртісі» мамандығында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқыды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне «драма театрының режиссері» мамандығына магистратураға оқуға түсті. Ғылыми жетекшісі - Маемиров Асхат Максимович.
Театрдағы рөлдері: М.Фрейннің «Театр 180◦» комедиясында – Брук-Вики, М.Камолеттидің «Мерекелік меню» комедиясында – Сюзанна, Б.Томастың «Чарлидің әпкесі» музыкалық комедиясында – көпшілік сахнада, У.Шекспирдің «Ричард» реквиемінде – Анна, Жендет, Д.Исабековтің «Әштен» комедиясында – аудармашы, М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» мелодрамасында – Айша, Р.Киплингтің «Маугли» ертегісінде - Каа, жарамсақ табаки.

Жетістіктері:

  • 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатына ие болды.
FaLang translation system by Faboba