Мағзомов Әділжан


	

Мағзомов Әділжан Ерболұлы – театр актері. 1999 жылы, 13 қараша күні Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келді. 2007-2017 жылдары Орал қаласының орта мектеп қабырғасында білім алған. 2017-2021 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында ұстазы Қазақ КСР Халық артисі, режиссер Есмұхан Обаев шеберханасында «музыкалық театр әртісі» мамандығын игерді.
Театрдағы рөлдері:
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» – Қапаш
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Петр
А.Володин «Сені сағындым...» –  Шумилов  
Мольер «Сараң» - Клеант   
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Күйеу бала  
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Полицей
Марапаттар: 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хат

FaLang translation system by Faboba