Шәкіржанов Айбол

Шəкіржанов Айбол Жанқонысұлы – театрдың жоғары санаттағы актері, Мәдениет қайраткері. 1974 жылы 28 қыркүйек күні Торғай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. 1980-1990 жылдары орта мектепте білім алды. Сол жылы Арқалық педагогикалық институтына оқуға түседі. 2 курс кезінде Т.Жүргенов атындағы театр институтында байқауға қатысып, барлық кезеңдерден өтіп, ары қарай оқуын Алматыда жалғастырады. 1998 жылы Т.К.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдаған соң, Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы театрға жолдама алып, аталмыш театрда 1998-2002 жылдары жұмыс істейді. 2002 жылы отбасы жағдайымен Қостанай қаласына қоныс аударып, І.Омаров атындағы театрда 2019 жылға дейін актер болып қызмет етті.

Театрдағы рөлдері: 

М.Фрейн«Театр 180» - Селздон қарақшы

У.Шекспир «Ричард ІІІ» – лорд Ричард грей   

Д.Исабеков «Әштен» - Жанайдаров

Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Базарбай    

М.Әуезов «Жас Абай» - Құнанбай   

Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» - Ормантай

О.Бөкей «Ауыл хикаялары» – Ата

У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Пірәдәр

А.Володин «Сені сағындым...» -  Никуллин         

І.Омаров атындағы театрда ойнаған рөлдері:

Н.Хикмет «Фархат-Шырын» -Уәзір (реж. Т.Жаманқұлов), 

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» - Қозы (реж. Ж.Есенбеков),    І.Есенберлин «Хан кене» - Шыңғыс (реж. С.Асылханов),

Б.Жакиев «Әке тағдыры» - Ақылбек (реж. Қ.Есенғұлов),

Е.Төлеубай «Ер Сұлтан» - Сұлтан (реж.Е.Төлеубай),

А.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Ерғали ( реж. Қ.Есеғұлов), А.Шаяхмет «Шоқанның шері» - Достоевский (реж.Е.Төлеубай), А.Вампилов «Метромпаж деген не» - Олег (реж. Е.Қауланов), У.Шекспир «Гамлет» - Полоний (реж.Е.Төлеубай),

Қазығұл «Абай»- Ербол (реж. Е.Төлеубай), 

С.Тұрғынбеков  «Кейкі батыр» - Жырау (реж.Е.Төлеубай),

Е.Төлеубай «Мариям-Ілияс»- Ілияс (реж. Е.Төлеубай),

Е.Төлеубай  «С.Есенин» - Яков (реж.Е.Төлеубай), 

М.Байжиев  «Тіл табысқандар» - Мұхамбет (реж. Е.Қауланов), Ж.Әлмашұлы «Мұңмен алысқан адам» - Марат (реж.Е.Төлеубай),  А.Шаяхмет «Өкініш» - Отағасы (реж. Е.Қауланов),

М.Әуезов «Айман-Шолпан» - Әлібек  (реж. Е.Төлеубай), 

Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» - Солдат (реж.Д.Құбаш),

Р.Отарбаев «Айна Ғұмыр» - Үлкен ұл (реж.Д.Құбаш),

Р.Куни «№13» - Комендант (реж. Е.Қауланов), 

Е.Төлеубай «Боздаған бойдақтар» - Борсанбай (реж.Е.Төлеубай), У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Монтеки (реж.Е.Төлеубай), Ж.Әлмашұлы «Қайырымды қаладағы қарлығаштар» - Аль-Фараби (реж.Е.Қауланов),

С.Досанов «Ақбас бүркіт» - Д.Қонаев (реж. Қ.Дүйшеналиев) т.б.


Жетістіктері:

  • 2003 ж - Облыстық мəдениет басқармасы Р.Ғайсенованың атынан алғыс хат иегері.
  • 2005 ж - Қостанай облысы əкімі С.Кулагиннің атынан алғыс хат.
  • Қостанай облыстық мəдениет басқармасы Ə.Божақовтың атынан алғыс хат иегері.
  • 2010 ж - «Мəдениет қайраткері» атағы берілді.
  • 2012 ж - Қостанай облыстық мəдениет басқармасы М.Слесарьдың атынан алғыс хат иегері.
  • 2016 ж - Қазақстан театр қайраткерлері Одағы Төрағасы Т.Жамақұловтың Құрмет грамотасының иегері.
  • 24 мектеп-гимназиясының директоры С.Каримованың атынан алғыс хат.
  • Театр директоры А.Досжановтың атынан алғыс хат иегері.
  • 2018 ж - Вице-министр А.Райымқұлованың атынан Алғыс хат иегері.
  • «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында І дәрежелі дипломның иегері.
  • 2019 ж - Қостанай облысы əкімі А.Мұхамбетовтың атынан алғыс хат.
  • Қостанай облыстық мәслихаттың хатшысы С.Ещановтың атынан Құрмет грамотасының иегері.
  • Театр директоры С.Кемелбаевтің атынан алғыс хат иегері.

Моңғолия, Баян-Өлгий қаласының басшылығының алғыс хат иегері.

FaLang translation system by Faboba