Нұрсадық Дарын

Нұрсадық Дарын Ерланұлы – театр актері. Ол 1997 жылы 20 қаңтар күні Алматы облысы, Қербұлақ ауданы, Бостан ауылында дүниеге келген.  2004 жылы Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2015 жылы аталмыш мектепті аяқтайды. Сол жылы күзде Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне түсіп, «көркем сөз оқу шебері» мамандығы бойынша білім алып, 2018 жылы оқуды аяқтайды. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне «музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша ұстазы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиевтің курсына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:  
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы  «Қыз Жібек» - жігіттер
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - автор
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Муфаса
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – қызметші
А.Володин «Сені сағындым...» - Козлов        
Мольер «Сараң» - Төбет     
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Дәрігер        

FaLang translation system by Faboba