Байболатова Айбану

Байболатова Айбану Өскенбайқызы - театр актрисасы. 1995 жылы қазан айының 8-ші жұлдызында Жамбыл обылысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. Жаңатас қаласының Мұxтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясын 3-ші сыныпқа дейін оқып, 2005 жылы отбасылық жағдаймен елордасы Астана қаласына қоныс аударады. Еліміздің бас қаласында Жамбыл Жабаев атындағы  нөмірі 4 мектеп-гимназиясын тәмәмдайды. Мектеп қабырғасында оқыған жылдардан бастап-ақ, театр өнеріне ерекше ықыласы ауады. Сөйтіп өзінің қалауымен 2010 жылы Астана қаласындағы, Маxамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Бақытжан Сәбитұлының жетекшілігімен театр үйірмесіне қатысады. Осы жерден бастау алған өнерге деген сүйіспеншілік, болашақ алып-алып армандарға арқау болады. 2014 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Саулау Ғалымжанұлының шеберxанасына оқуға қабылданды. 2-ші курстың бітер шағында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Иманбаеваның жеке музыкалық "АИ" театрына жас актриса болып жұмысқа қабылданады. Оқумен театрдағы практиканы қатар алып жүріп, 2018 жылы университет тәмәмдап, қолына кәсіби музыкалық драма театр әртісі мамандығының бакалаврі дәрежесін растайтын құжатты алып, Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында қызмет етіп, қазіргі күні  Нұр-сұлтан қаласының Номад театрында еңбек етуде.
Театрдағы рөлдері:
М.Камолетти «Мерекелік меню» - Сюзанна                                                
У.Шекспир «Ричард ІІІ»  – королева Елизавета
Д.Исабеков «Әштен»  – дәрігер, шетелдік қыз
Р.Киплингтің «Маугли» ертегісінде – Ана бөрі 
М.Әуезов «Жас Абай» - Ділдә
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - қыздар
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» - Зейнеп
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - леди Монтекки
А.Володин «Сені сағындым...» - Белова        
Мольер «Сараң» - Элиза    
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Зәрипа
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Ширз ханым

FaLang translation system by Faboba