Әли Ризабек

Әли  Ризабек  Маратұлы  – театр актері. 1997 жылы 16 қыркүйек күні Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келді. 2005-2015 жылдары Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінен білім алды. 2015-2019 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, професор С.С.Мақұлбековтың шеберханасында «Қуыршақ театр артисі» мамандығында оқыды. 2018-2019 жылдары Балапан телеарнасында «Сезім қаласы» атты жобада Дудар есімді баланы сомдады. 2018 жылы Атырау қаласында өткен «Абай кеші» қайырымдылық концертінде жас Абай бейнесін кейіптеді.

Театрдағы рөлдері:  
Д.Исабеков «Әштен» - Әштен,
У.Шекспир «Ричард ІІІ» - Кларенс.
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» - ұры.
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - мұғалім
Р.Киплингтің «Маугли» - Багира.
Оралхан Бөкей «Ауыл хикаялары» - Балағаз
М.Әуезов «Жас Абай» - Жұмағұл
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон «Арыстан патша» - Зазу
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Меркуцио
А.Володин «Сені сағындым...» - Фотограф   
Мольер «Сараң» - Фрозина
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Сәбитжан     
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Полицей

 

FaLang translation system by Faboba